Қазақстан сөзі

Бауыржан Ретбаев

2017

2
0

Бөлісу:



қайырмасы:
Қазақстан отаным жалынды байтақ нұрлы елім
Ұлы батырлар қорғаған кең байтақ жерім
Қазақстан қайсар халықсын әлемге үлгі жарықсын
Ешқашан аты өшпейтін мәңгілік тарихсын

Кездерде қиын елге күн туған
Қайсар ерлерім жауды қайтарған
Борандай борап нөсердей төккен
Ерлігі ерен ерлерден байқаған
Сүрінбей өтер түрлі жарлардан
Тек Тәңірінен қолдау сұраған
Жасай бер жаса ұлы Отаным
Қазақстаным өзіңе құмармын
Талай қиындық бастан кешірдің
Тарихта сен мәңгі қалдын
Талай жерде тұлпардай көсілдің
Талай жерде бәйге алдын

қайырмасы:
Қазақстан отаным жалынды байтақ нұрлы елім
Ұлы батырлар қорғаған кең байтақ жерім
Қазақстан қайсар халықсын әлемге үлгі жарықсын
Ешқашан аты өшпейтін мәңгілік тарихсын

Өмірге құштар бойында күш бар
Ерлері биік көк туын ұстар
Әлемге мәлім Елорда сәнім
Шырқалар саған осынау әнім
Тамсанар әлем тарландарына
Көреген басшы берген бағына
Елді жетер осындай ерлер
Соларға тәңір қолдауынды бер
Талай қиындық бастан кешірдің
Тарихта сен мәңгі қалдын
Талай жерде тұлпардай көсілдің
Талай жерде бәйге алдын

қайырмасы:
Қазақстан отаным жалынды байтақ нұрлы елім
Ұлы батырлар қорғаған кең байтақ жерім
Қазақстан қайсар халықсын әлемге үлгі жарықсын
Ешқашан аты өшпейтін мәңгілік тарихсын
Бауыржан Ретбаев, Бауыржан Ретбаев, Қазақстан, Казакстан mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Алма Алмагамбетова

Сөзін түзеткен

03.08.2017
Қолданушылар