Жылдар тізбегі сөзі

BaGi

Жылдар тізбегі

2
0

Бөлісу:



Араға салып жылдар тізбегін,
Өтінемін, ардақтым, арамызды үзбегін.
 
Күлімдеп қарағаның, бір сәтке жылағаның,
Бастап, аяғына дейін апаруға жарамадың.
Дұрыстап қарамадың бетімдегі ақиқатты,
Жауындай жауғыздың қызғаныш, түр-түрлі сұрақты.
Бүгін сені жылатты, ертең менің кезегім,
Қырсығым, мінездесім, сағынарымды сеземін.
Жылу іздеп кеземін алданам деп ойлардан,
Кеше бірге жүрген, қоштасар деп кім ойлаған.
Саған жаман үйрендім, өзгелерден жатырқаймын,
Жаман болсаң қырсық, мен өзіңді қия алмаймын.
Түнде жатып ойлаймын мың қадам артқа тастап,
Тақадың тығырыққа, соңында кеттің тастап.
Әңгімені растап жылап жатқан мен де жоқ,
Дәл мендей дәрменде өмір сүрген пенде көп.
Кетсем ғой ауа боп, көздеріңе көрінбесем,
Денеңе жел боп тиіп, мүмкін болса, білінбес ем.
Бетіңді тілімдесем, құлаттың үлкен әлемді,
Қабыл ал шын жүректен саған арнаған сәлемді.
Жаба бердің бәлеңді, мен де сескенбей тақалдым,
Тәп-тәтті балдай болған махаббатыма қақалдым.
 
Қ-сы:
Араға салып жылдар тізбегін,
Өтінемін, ардақтым, арамызды үзбегін.
Бізге қиын, білемін, сенсіз соқпас жүрегім,
Мен үшін жаралсаң да, мен сені түсінбедім.
Сенсіз жыладым, семен күлемін,
Аяқталды, айтпай-ақ қой, білемін.
Сенген едім, сен – тірегім,
Үйретер өмір, ұмытып үлгеремін.
 
Әңгіме сөздерде, тиді ғой көздер де,
Қызығушы еді жұрт қарап, тамсанып біздерге.
Күдерді үзбеуге ешқандай үміт көрмедім,
Көңіл-күй төменде, сенікі қайда, білмедім.
Алдын-ала ойлаған армандар іске аспайды,
Құс көңіл көкте ұшқан өз-өзін жерге тастайды.
Жаңа өмір бастайды айрылысқан адамдар,
Жас қыз емессің ғой, ойланарсың, санаң бар.
Тағдыр ғой, жазған бар, өмір ғой астаңдар,
Ешқайда кете алмаймыз, ортақ бізге аспан бар.
Көзіңнен жас тамар, куәгер басқалар,
Өзгемен қосылсаң да, жанжал қайта басталар.
Сөздерім расталар, мінезің қиын ғой,
Кінәлап барлығына қарабет қып тындың ғой.
Қолыңнан келсе, жой, ашуды бастым ғой,
Үлескен сезімдерге балта шапқан өзің ғой.
BaGi, BaGi, Жылдар тізбегі, Жылдар тизбеги mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

18.10.2015