Соңғы вальс сөзі

BaGi

Соңғы вальс

3
0

Бөлісу:


Сезімнің арқаладық ауыр жүгін
Екеуміз қоштасып тұрмыз жаным бүгін 
Соңғы вальс қоштасу амал қалмады
Мөлдіреп көздерімнен ыстық жас тамады
 
Сүйсіне қараушы едім көздеріңе
Ұмыттың ба мені жаным әлде өзгердің бе
Көмегі тимеді ғой сөздердің де
Ендіше бақытты бол қалауың өз еркіңде
Жаралы аққу көрдім көл бетінде 
Қимастықты байқадым аққудың келбетінде
Айрылып серігінен ол да жалғыз
Мен секілді күй кешіп жүр ғой жер бетінде
Сезімнің арқаладық ауыр жүгін 
Екеуміз қоштасып тұрмыз жаным бүгін
Соңғы вальс қоштасу амал қалмады
Мөлдіреп көздерімнен ыстық жас тамады
 
Ертегі өмірімде бітті менің
Бақытты болғаныңды қалаймын жаным сенің
Қай жақтан іздеп табам жүрек емін
Сені көрсем тарылады іштегі менін демім 
Ес түссіз ғашық едім жаным саған 
Қоштасуға не себеп айтшы, айтшы маған
Менің қайғымды түсінер бар ма адам
Жаныма дауа іздеп жанымау қайдан табам
 
Сезімнің арқаладық ауыр жүгін
Екеуміз қоштасып тұрмыз жаным бүгін 
Соңғы вальс қоштасу амал қалмады
Мөлдіреп көздерімнен ыстық жас тамады
 
Қимастықты жасыру түсінші маған қиын
Жоғалтып алдым өмірдің берген маған сиын
Енді бірге бола алмаймыз сену маған бір қиын
Өзіңсіз өткен күннің құны жаным бір тиын
Маған соңғы жасаған жаным болсын бір сиың 
Қоштасудың билейік соңғы вальс бір биін
Өңім бе алде түсім бе көздеріме сенбеймін
Бұл тағдырдың жазғанына көне алмаймын көнбеймін
Мүмкін жаным дұрыс шығар айрылысып жатқанымыз
Күн секілді шығып барып уақытында батқанымыз
Кім біледі дұрыс шығар өзге жанды тапқанымыз
Сол жанмен бірге болып бақыт шамын жаққанымыз
 
Сезімнің арқаладық ауыр жүгін
Екеуміз қоштасып тұрмыз жаным бүгін
Соңғы вальс қоштасу амал қалмады
Мөлдіреп көздерімнен ыстық жас тамады
BaGi, BaGi, Соңғы вальс, Сонгы вальс сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

30.10.2015