Romeo and Juliet сөзі

BaGi

Romeo and Juliet

15
1

Бөлісу:


Тек қана сені сүйіп, өзгелерді ұмытып,
Шырайлы жаз артынан күз келеді суытып.
Жүректі жылытып өткеннен бейнебаян,
Шаң басқан парақтарды ақтарып кейде қоям.
Есті жина, оян, айналада қыздар көп,
Білемін, көп екен, сендей сұлу мүлде жоқ.
Мүмкін мен қателестім, қыздардың бәрі сұлу,
Маған керек сезім, жүрекке керек жылу.
Қайда сол SMS-тер келетін ұялыма,
Шектеуді қоя алмаймын тым ұшқыр қиялыма.
Келейін үй алдына, сәл ғана уақыт бөлші,
Ашуға берілмеші, маздамай, жанып сөнші.
Мазаңды алмаймын деп ең соңғы рет сөз бердім,
Қанша рет тырыссам да, сүйемін, қайтып келдім.
Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді,
Ғашық болған пенде сезім үшін не етпейді.
 
Қайырмасы: (x2)
Білесің бе, сен жайлы жазар ем роман,
Бірақ қайдам, келер емес қолдан.
Жарты жылдан аяқталған махаббат,
“Romeo & Juliet” деп аталады.
 
Тоздырдым жолдарды бағытталған бақытқа,
Өзіңді күтуменен ұтылдым да уақытқа.
Сәл ғана шаттыққа апаратын жол қайда,
Жалғыз боп ғұмыр кешу – мен үшін зор қайғы.
Түбінде қосылмаймыз, көзім анық жетеді,
Менде болған көңіл ұмытылып кетеді.
Махаббат көрінбейді, неліктен оны сеземін?
Басында мен қинадым, ал енді сенің кезегің.
Өте күрделі ойын, жеңімпазы белгісіз,
Ертегі аяқталды, сене алмаймын, сенгісіз.
Бостандық боз баласы жүрегіңе жол таппады,
Мүмкін сен күтудесің ханзаданы ақ аттағы.
Мүмкін тақтағы жасы жеткен ханыңды,
Сыйла оған, сыйла нәп-нәзік тәніңді.
Басыңды буландырды дүниенің сағымы,
Олар саған байлық, мен берер ем жанымды.
BaGi, BaGi, Romeo and Juliet, Romeo and Juliet сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Samgar Maksutkan

24 Сәуір 2017

керемет

GM

Сөзін қосқан

30.10.2015