Балалық махаббатым сөзі

BaGi , Tima Tee

Балалық махаббатым

0
0

Бөлісу:



Ішімдегі ыза тұла-бойды жеп барады,
Сен жайлы ой жазам деп жыртылды дәптер парағы.
Қайтсем енді болады, күндіз-түні сен есімде,
Өзімді қоярға жер таппадым, сенесің бе?
Сол баяғы ауа райы бұзады көңіл-күйді,
Кейде жаңбыр жауып, қар араласып, жел үрлейді.
Олар мүлдем білмейді қандай күйде жүргенімді,
Мен сені ұмытпадым және сенің келбетіңді.
Кейде қателесемін ажырата алмай күн мен түнді,
Мен, мүмкін, сырқаттандым, мүмкін, жүрегім бұлқынды.
Сен үшін күресемін, қолжетімсіз болсаң дағы,
Шыдаймын, төзіп өтем қанша сынақ болса дағы.
Өмірге қайта келмеспін айналып кезегімен,
Сенімен бірге болам аяғында, сеземін мен.
Қазірше жалғыздық құрбысы болды көңілдің,
Мұң және қайғының орта белінен көмілдім.
 
Қайырмасы:
Бақытты қауыштырып келеді аймалағым,
Келеді сенің нәзік жүзіңді аялағым.
Қатал тағдыр неге мені сонша аямады,
Қош бол енді, менің балалық махаббатым.
 
Білесің бе, менде де жүрек бар, ұмытпа,
Жәбірленеді сенсіз, тоңады ол суыққа.
Сол суықты қолдан жасаған тек өзің,
Бәріне төзетін менде қалмады төзім.
“Сүйем” деген сөзің санамда сандырақтады,
Арманға ұмтылдым қол жетпейтін жырақтағы.
Менің жағдайымды сөз салмақтап жеткізбеді,
Сонда да кеудемде жарық үмітін үзбейді.
Бір ұғынғаным – бұл махаббат жауапсыз,
Кеудемді тесіп өттің, құттықтаймын, садақсыз.
Болды, бәрін доғар, өтінемін, азапсыз,
Ойнама жүрекпен, өтінемін, мазақсыз.
Сен болдың ойымның тұңғиық бір тереңі,
Тыңдашы, өтінемін, бұл – жүректің өлеңі.
Сені оралсын деп жасамадым, біліп жүр,
Мен жыласам да, жаным менің, күліп жүр.
BaGi, Tima Tee, BaGi, Tima Tee, Балалық махаббатым, Балалык махаббатым mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

01.07.2018
Қолданушылар

GM