Қуаныш күтіп тұр алда сөзі

Б. Жұманиязов

Қуаныш күтіп тұр алда

0
0

Бөлісу:


Көңілдің мұңы қалып
Күледі көкте Күн
Тағы да гүлін алып
Келеді көктемнің
Бір жүрек дірілдеген
Күтеді көгалда
Топ болып дүрілдеген
Қызығың көп алда!


Қайырмасы:
Ей, жүрек!
Теңізім болып тулай бер!
Елжіреп
Сүйгенге құлай бер!
Жырлаудан жалықпа!
Қайғырма, қамықпа!
Қуаныш күтіп тұр алда!



Болмасын өміріңе
Күдік те, күмән да!
Гүл қадар өңіріңе
Ғажайып күн алда!
Бақытты байқамады
Бала да, кәрі де
Бәрі де қайталайды
Бәрі де, бәрі де!


Қайырмасы:
Ей, жүрек!
Теңізім болып тулай бер!
Елжіреп
Сүйгенге құлай бер!
Жырлаудан жалықпа!
Қайғырма, қамықпа!
Қуаныш күтіп тұр алда!

Б. Жұманиязов
Б. Жұманиязов, Б. Жуманиязов, Қуаныш күтіп тұр алда, Куаныш кутип тур алда сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015