Үкілі кәмшат сөзі

Азия тобы

Үкілі кәмшат

1
0

Бөлісу:



Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп
Иықтан шашы төгіліп жерге
Күмісті шашбау жарасып белге
Иықтан шашы төгіліп жерге
Күмісті шашбау жарасып белге
 
Қиылған қасы, қарақат көзі
Жүректі баурап оятар сезім
Талбойың нәзік қызғалдақ гүлдей
Дидарың нұрлы шуақты күндей
Талбойың нәзік қызғалдақ гүлдей
Дидарың нұрлы шуақты күндей
 
Жаңарып қайта, жаңғырып көнем
Ләззәт алар көрген жан сенен
Көркіңнен сенің айналдым еркем
Қазақтың салтын сақтаған көркем
Көркіңнен сенің айналдым еркем
Қазақтың салтын сақтаған көркем 
 

Азия тобы, Азия тобы, Үкілі кәмшат, Укили камшат mp3 жүктеу, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

22.10.2015