Сыр ана сөзі

Азия тобы

Сыр ана

0
0

Бөлісу:



Дарияның данасы сен Сыр анам,
Дәуірлердің санасы сен Сыр анам
Құшағында қалын қазақ ұйысқан 
Алты алаштың анасы сен Сыр анам
Жаратқанның сыйындайсын ұрпағыңа сен бұйырғайсын
Дүниедегі дариялардың тынысы
Өмірімнің өзегі сен
Келешектің кезеңі
Туған жерім Сыр Алаштың анасы
Туған жерім Сыр Алаштың анасы
 
Даңқын сенің күннен озып айға асқан
Жайсан жұртың қуанышы толасқан
Мәңгіліктің мекені деп осы өлке
Қорқыт баба жаға кеп жайғасқан
Ақындардың тербесінен, ғасырлардың көмбесінен
Жақұт болып шашыласын Сыр анам
Қартаймайтын Қазағым сен, ортаймайтын қазаны
Аралыма асығасын Сыр ана,
Аралыма асығасын Сыр ана
 
 
Жаратқанның сыйындайсын ұрпағыңа сен бұйырғайсын
Дүниедегі дариялардың тынысы
Өмірімнің өзегі сен
Келешектің кезеңі
Туған жерім Сыр Алаштың анасы
Туған жерім Сыр Алаштың анасы
 
 

Азия тобы, Азия тобы, Сыр ана, Сыр ана mp3 жүктеу, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

23.10.2015
Бейнеклип
Азия тобы
Сыр ана