Ғажайып күй сөзі

Азия тобы

Ғажайып күй

6
0

Бөлісу:



Өзіңмен қалсам кезігіп,
Ғажайып бір күй туатын.
Екеуміз ғана сезініп,
Екеуміз ғана ұғатын.
Екеуміз ғана ұғатын.
 
Қайырмасы: 
Айтуым керек болса да,
Сөз табу қиын мұндайда.
Айым-ау мені қинамай,
Айтқызбай білсең болмай ма?
Алаулап нұрың жүзіңнен,
Ботадай көзің мөлдіреп.
Жарқ ете қалған кезіңде, 
Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп.
 
 

 
Наздана күлсең сыңғырлай 
Жадырар жаным, жанарым 
Жаңбырдан соңғы қырлардай 
Дүние кетер жаңарып 
Дүние кетер тазарып
 
Қайырмасы:
Айтуым керек болса да,
Сөз табу қиын мұндайда.
Айым-ау мені қинамай,
Айтқызбай білсең болмай ма?
Алаулап нұрың жүзіңнен,
Ботадай көзің мөлдіреп.
Жарқ ете қалған кезіңде, 
Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп.
 
Өзіңе қалсам тіл қатып 
Зымырар қаным тулатып 
Сондағы ойым, арманым 
Ғажайып күйін жырлатып 
Ләззәтқа кетсек бір батып
 
Қайырмасы:
Айтуым керек болса да,
Сөз табу қиын мұндайда.
Айым-ау мені қинамай,
Айтқызбай білсең болмай ма?
Алаулап нұрың жүзіңнен,
Ботадай көзің мөлдіреп.
Жарқ ете қалған кезіңде, 
Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп.
Азия тобы, Азия тобы, Ғажайып күй, Гажайып куй mp3 жүктеу, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Айнагул Усенова

19 Желтоқсан 2018

керемет ән.Катты унайды осы ән.Жигиттер жарайсындар.Тек кана алга

Admin

Сөзін түзеткен

10.04.2017
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
Азия тобы
Ғажайып күй