Беу - айдай сөзі

Азия тобы

Беу - айдай

0
0

Бөлісу:


Қалам алып қолыма жазамын хат,
Өзім арзан болсам да, сөзім қымбат, беу, айдай.
Бекер қарап отырған жараспайды,
Қара өлеңмен айтайын аз насихат, беу, айдай.

Қайырмасы:

Былтырғы мен биылдай,
Қолда жоқтың қиыны-ай.
Ұстараның жүзіндей
Аударылған дүние-ай.
Жүруші едік той тойлай,
Торғын белбеу бір байлай.
Әдейі іздеп келгенде,
Сөйлесейік ыңғайлай.

Хат жазамын қолыма қалам алып,
Сенің берер жауабың маған анық, беу, айдай.
Сыбайласым кім болар деп жүргенде,
Бәйге атындай тұрыпсың тағаланып, беу, айдай.

Қайырмасы:

Қалам алсам қолыма, қарысады,
Бәсекемен қос жүйрік жарысады, беу, айдай.
Жүйрік жайын, ей, құрбым, білмеуші ме ең,
Біреуі озып, біреуі қалысады, беу, айдай.
Азия тобы, Азия тобы, Беу - айдай, Беу - айдай mp3 жүктеу, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

15.12.2015
Бейнеклип
Азия тобы
Беу - айдай