Сөзі
Бұл өлке - біздің ауыл жайлаған жер-ай
Желіге асау құлын байлаған жер-ай
Көзіме от жалыңдай көрінеді-ай-оу
Тебісіп, құлын-тайдай ойнаған жер-ай!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Бұл өлке - біздің ауыл күзеген жер-ай
Қарагөз бойын сылап, түзеген жер-ай
Көзіме от жалындай көрінеді-ай-оу
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).