Sendei AsSun

Sendei

2
0

Бөлісу:




Сөзі



Жүрегіміз егіз жолымыз бір махаббатым
Жолықытырдым бағыма.
Асығамын әркез өмірімнің шапағатын
Сен ал жаныңа.

Сезіммен жылу берген айшуағым,
Ақ бұлттан ағып түскен тамшы бағым.
Бір сен деп шырқалады жарқын әнім,
Сен өмір шырағым.

Қайырмасы:
Сен барда менде бармын жаным сөнбей,
Сен барда сезім әнін салам тербей,
Жоғалтсам қайдан бақыт табам сендей,
Табам сендей.
Әлемде жан жоқ саған ғашық мендей,
Сенбесең, кетер сезім тасып көлдей.
Жоғалтсам, қайдан табам бақыт сендей,
Бақыт сендей.

Ажарыңда артық сезім тұнып мөлдірейді,
Мөлдірейді тамшыдай.
Аспандағы күнім күлімдейді көзің сенің,
Күлімдейді жарқырай.

Сезіммен жылу берген айшуағым,
Ақ бұлттан ағып түскен тамшы бағым.
Бір сен деп шырқалады жарқын әнім,
Сен өмір шырағым.

Қайырмасы:
Сен барда менде бармын жаным сөнбей,
Сен барда сезім әнін салам тербей,
Жоғалтсам қайдан бақыт табам сендей,
Табам сендей.
Әлемде жан жоқ саған ғашық мендей,
Сенбесең кетер сезім тасып көлдей.
Жоғалтсам қайдан табам бақыт сендей,
Бақыт сендей.




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

23.09.2016
Бейнеклип
AsSun
Sendei