Асқар Тоқмағамбетов Күншілдің күңкілі (0) сөзі

Күншілдің күңкілі сөзі

Асқар Тоқмағамбетов

0
0

Бөлісу:


Қарға тыңдап бұлбұлды,
Қатты қынжылды,
Қабағы түйілді,
Бұлбұлға бұлай бұйырды. —
Немене сонша шырылдап,
Көрінгеннен жыр ұрлап.
Жылаудан басқа білмейсің,
Өмірі бір күлмейсің,
Еңірейсің, сарнайсың,
Ылғи ғана зарлайсың,
Неге бір қаттырақ,
Тыңдауға жақсырақ,
"Қақ "— дейтін дауыс таппайсың,
Мұнымен жанға жақпайсың,
Айда жөнел, кет! — деді.
Басқа айтуға ақыл жетпеді.
Күншілдің сол ғой күңкілі,
Бүкпесіз, бірақ, шын сыры,
Бұлбұлды сөйтіп қарғаған
Сақтасын құдай қарғадан.






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016