Сағындым сөзі

Әсел Омарова

Сағындым

0
0

Бөлісу:


Өзіңді өлердей сағындым, қарағым,
Көрмесем, сүймесем тұра алмай барамын.
Кетпейді көзімнің алдынан елесің,
Сағындым, сарғайдым, сен қашан келесің.

Баруға, ұшуға жоқ әттең, қанатым,
Көзімнен ыстық жас болды ғой таматын.
Жүрегім ғашықтық отымен жанады,
Құмарым бір сүймей қалайша қанады.

Қуаты жоқ сенсіз ауаның, жарықтың,
Зерігіп, сені бір көре алмай зарықтым.
Қиналып барамын жандай-ақ төзімсіз,
Мен өмір сүремін қалайша өзіңсіз?!
Әсел Омарова, Асел Омарова, Сағындым, Сагындым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

27.10.2015