Жұбатасың ба? сөзі

Асан Пердешов

Жұбатасың ба?

8
0

Бөлісу:



Құшағыңа мені қысып, 
Жылап жатсам жұбатасың ба?
Әлде жаным басқа бақшада, 
Гүліңді ашып жылатасың ба?
 
Көңілімді мың бір сұрақ,
Жауап таппай жылап жатам.
Жүрегіме салып құрақ,
Сені ғана ойлап жатам.
Ешкімге де айта алмаймын,
Мен өзіңді сүйетінімді.
Жүрегімді саған арнаймын,
Біле тұра күйетінімді.
 
Көз алдымда күнде жүрсең,
Қайтем маған ұнайсың да!
Сенен ұзап алысқа кетсем,
Мені ойлап жылайсың ба?
Сенен тастап алысқа кетсем,
Сағынып сен жылайсың ба?
 
Көңілімді мың бір сұрақ,
Жауап таппай жылап жатам.
Жүрегіме салып құрақ,
Сені ғана ойлап жатам.
Ешкімге де айта алмаймын,
Мен өзіңді сүйетінімді.
Жүрегімді саған арнаймын,
Біле тұра күйетінімді.


Асан Пердешов, Асан Пердешов, Жұбатасың ба?, Жубатасын ба? mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Aisana Kran

22 Наурыз 2017

керемет

Gaziza Abtai

13 Маусым 2018

сүигенімді есіме түсіреді

GM

Сөзін қосқан

20.10.2015
Бейнеклип
Асан Пердешов
Жұбатасың ба?