Мектеп вальсі сөзі

Артур Төлепов

2019

2
0

Бөлісу:



Тілектер жайнайды бұл күні
Әдемі бәрі қандай
Соғып тұр,соғып тұр,соығп тұр
Жүректер қоңыраудай
Мектебім алғашқы ұстазым
Ыстық ғой бәрі бәрі
Шалалығым балалығым партада қалады

Қайырмасы
Төгіліп,төгіліп,төгіліп
Шалқиды ән шарықтайды
Әуелі таныс әдемі вальс
Құстай қалықтайды

Арманмен қиялға ереміз
Өмірдің заңы күшті
Сөмкемен мектепке келеміз
Арқалап сағынышты
Сағындым мектепті сағындым
Ақ бантик таққан қызды
сол күндері ол білмеді
Сезімімді ізгі...

Қайырмасы
Төгіліп,төгіліп,төгіліп
Шалқиды ән шарықтайды
Әуелі таныс әдемі вальс
Құстай қалықтайды

Артур Төлепов, Артур Толепов, Мектеп вальсі, Мектеп вальси mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

28.05.2019
Қолданушылар