Замандасқа сөзі

Әріп Тәңірбергенов

0
0

Бөлісу:


Ей, достым, қапыл жатпа, басты көтер,
Алданып ақымақтықты қума бекер.
Айуан емес, адам боп жаратылдық,
Көңіл көзі барларға бұл да жетер.
Қабірге ғаріп бастың кірмегі хақ,
Тіршілік, ажал жетсе, әлі-ақ өтер.
Көргенмен қанша қызық дүниені,
Қазанда қайтқан қаздай өмір өтер.
Тірлікте жан қиысқан жақындарың
Қабірге қап-қараңғы тастап кетер.
Өлген соң өлексесің көз жұмылып,
Тұл қалмақ, дүние сарай, тұрған пәтер.
Әріп Тәңірбергенов, Арип Танирбергенов, Замандасқа, Замандаска сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016