Тәуірбек болысқа сөзі

Әріп Тәңірбергенов

0
0

Бөлісу:


Ассалаумағалейкүм, Тәуірбегім!
Мақтауға арғы атанды ауыр келдің.
Үшкілдір арғы тегің қалмақ еді,
Желқомдап мініп келген жауыр көгін.
Үшкілдір - қалмақтың бір руы.
Үшкілдір арғы тегің қалмақ еді,
Қазақты о да жеңіп алмап еді.
Бәрі де қойдан қоңыр жуас болып,
Араға сенше бүлік салмап еді.
Тәуірбек, осы күнде күйлімісің,
Мырза менен Мамайға сыйлымысың?
Арқаңды алып соғып сылушы еді,
Жараң бітіп кетті ме, шилімісің?
Әріп Тәңірбергенов, Арип Танирбергенов, Тәуірбек болысқа, Тауирбек болыска сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016