Шұғбанға сөзі

Әріп Тәңірбергенов

0
0

Бөлісу:


Шұғбан, мұнша неге жаттың жайға,
Сабақты сатқаның ба ет пен шайға?
Зинаһар жаным, кешікпей тез қайта көр,
Кейінгі оздырарсың келген тайға.
Ғылым білсең, ашылар кеуде, көзің,
Кешіктірген елеме күйсіз сөзін.
Мен айттым да құтылдым қарызымнан,
Әттеген-ай деп жүрме бірақ өзің.
«Күннен де,- деген сөз бар,- ғылым жарық»,
Жас күнде қалған жақсы білім алып.
Ұлғайған соң түспей қап уысыңа,
Өкініп жүрме, балам, қапы қалып.
Талаптан, жас күнінде ғылым ізде,
Елірме, еріншектік тілге нанып.
Әріп Тәңірбергенов, Арип Танирбергенов, Шұғбанға, Шугбанга сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016