Өлім туралы сөзі

Әріп Тәңірбергенов

0
0

Бөлісу:


Баладан, мал мен жиһаз болмас пайда,
Қазір біз тексерусіз жүрміз жайға.
Тірлік бітсе, өлмегің шын емес пе,
Бұрынғы ата-бабаң - бәрі қайда?
Сыбызғы, сырнай қызық әлі-ақ кетер,
Білдірмей жүргеніңде ажал жетер.
Бақи санап жүргенің бәрі фани,
Өкініш сонда қалар, өмір өтер.
Өлімнің жанды затқа болмағы хақ,
Өлімге өлшеулі дем арналған шақ.
Тірлікті босқа өткізбей ғапылатпен,
Өлімді ойлау керек осынан-ақ.
Ойнама, жанды мақұлық, өлімменен,
Айырар туып-өскен жеріңменен.
Ал достым, адалдықтың мақамын тап,
Таныс бол өлмей тұрып көріңменен.
Өлімнен бұрын, өлмек қамын ойла,
Санаулы аз өмірді босқа жойма.
Қабірге түлкі ішікпен ешкім кірмес,
Жағасыз ақ көйлекті пішер бойға.
Әріп Тәңірбергенов, Арип Танирбергенов, Өлім туралы, Олим туралы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016