Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға сөзі

Әріп Тәңірбергенов

0
0

Бөлісу:


Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға,
Ақ қағаз тәштит етпе хат жазарға.
Адамның оңашада бәрі білгіш,
Түскен соң мағлұм болар сөз базарға.
Көрмедім шын еркекті жол таныған,
Жаһил көп тілін тіске құр жаныған.
Қандай нәрсе екеннен хабары жоқ,
Не пысық суәл қылсаң иманыңнан.
Сұйық па, иман қандай, я кесек пе,
Не түрлі: мал ма, пұл ма, жанға есеп пе?
Иман деп не нәрсені айтпақ керек,
Жеуге тамақ, мінерге ат па, есек пе?
Ей, ғапыл, иман демек шынға нанбақ,
Шындықты нысап тұтып, көңілге алмақ.
Жүректі адалдыққа анық байлап,
Тартынып арамдықтан, таза қалмақ.
Ақ сүйіп, адалдықты анық білмек,
Тілмен айтып, көңілмен тұтып жүрмек.
Арамдықты шығарған жүрегіңнен
Жолына адалдықтың басты бермек.
Мырза.Мамай - Тәуірбек сіңіп кеткен ру аты.
Бас бермек адалдыққа, мойын бұрмай,
Серуендеп, өсек тасып, сейіл құрмай,
Дәмді босқа өткізбей ғапылатпен,
Әділдік тапқан жақсы қарап тұрмай.
Осындай шын ниетпен қылсаң пікір,
Жүрекке тұтпақ керек шындық пікір.
Жолынан әділдіктің айнымасаң,
Иман деп соны айтады сансыз шүкір.
Әріп Тәңірбергенов, Арип Танирбергенов, Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға, Гузыр кып калыбынды тут назарга сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016