Айжарық сөзі

Ардақ Алекешев

2017

0
0

Бөлісу:



Ауа салқын мезгіл еді айжарық
Айжарық ай айжарық
Қайтайық деп айналаны айналып
Айналып ай айналып.
Бірге шықтым серуендеп өзіңмен.
Отырмастан ойланып.
Сен еркімді кеттің жаным қайда алып.
Қайда алып ай қайда алып.
Қайырмасы:
Құшақтап ем қылығымды құптадың
Құптадың ай құптадың.
Қандай керемет бірге ауаны жұтқаның.
Серуенге шыққаның.
Еркелейін жаурамасын дедің бе
Дедің бе ай дедің бе.
Құшағымнан ұзақ уақыт шыкпадың.

Шықпадың ай шыкпадың
Бірде жаным маған қарап тоқтадың
Тоқтадың ай тоқтадың.
Қоштасайық дей көрмеші тек жаным
Жоқ жаным ай жоқ жаным.
Шығып едік қыдырсақ деп арайлым
Сəулесімен ақ айдың.
Байқамай да қалыппыз ғой аңғарып
Таңның қалай ақ атқанын.

Қайырмасы:
Құшақтап ем қылығымды құптадың
Құптадың ай құптадың.
Қандай керемет бірге ауаны жұтқаның.
Серуенге шыққаның.
Еркелейін жаурамасын дедің бе
Дедің бе ай дедің бе.
Құшағымнан ұзақ уақыт шыкпадың.
Ардақ Алекешев, Ардак Алекешев, Айжарық, Айжарык mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

17.02.2018
Қолданушылар