Махаббат мұңы сөзі

Аңсау дуэті

Махаббат мұңы

0
0

Бөлісу:


Бар ма маған ғашық адам бұл жерде?!
Мен  туралы ойлана ма күндерде?!
Өкіне ме өзін-өзі кінәлап,
Маған қайтып жолықпасын білгенде?!
 
Қайырмасы:
Бар ма сол жан мен білмейтін, жоқ па әлде?!
Жолығуға асыға ма көктемде?!
Тілдесуге қайран ару қорқа ма,
Төмен қарап мен қасынан өткенде?!
 
Жаздың күні барқыт еді әдемі,
Ашық еді бүкіл аспан әлемі.
Ай сәулесі түсіп тұрды жүзіңе,
Қабағыңда сәл көлеңке бар еді.

Қайырмасы:
Бар ма сол жан мен білмейтін, жоқ па әлде?!
Жолығуға асыға ма көктемде?!
Тілдесуге қайран ару қорқа ма,
Төмен қарап мен қасынан өткенде?!
Аңсау дуэті, Ансау дуэти, Махаббат мұңы, Махаббат муны сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Қонақ

11 Ақпан 2016

Өлең

GM

Сөзін қосқан

09.02.2016
Бейнеклип
Аңсау дуэті
Махаббат мұңы