Алтынбек Қоразбаев ft. Меломен тобы Әке мен бала (0) сөзі

Әке мен бала сөзі

Алтынбек Қоразбаев ft. Меломен тобы

Әке мен бала

1
0

Бөлісу:


Әкесi: Әкеңдi тыңдамай,
Не қылған баласың.
Кетем деп қалаға,
Мазамды аласың.
 
Баласы: Қалада қаңғырып,
Далада қаласың.
Деп әке нелiктен,
Бетiмнен қағасың?
 
Қайырмасы:
 
Әкесi: Бала, бала, бала, бала, бала!
Iсiң шала, шала, шала,шала!
Ойың дала, дала, қалада.
 
Баласы: Көке, көке, көке, көке, көке
Менi тектен-текке, текке сөкпе
Тердi бостан-босқа төкпе көкешiм!
 
Әкесi: Қалаға барып көр,
Бұзықтар сабасын.
Ауылда қалсаң ғой,
Қозы-лақ бағасың!
 
Баласы: Ауылда қалар ем,
Жоқ әке таласым.
Маңыратып бағатын,
Мал қайдан табасың?
Қайырмасы.
 
Әкесi: Мал басы азайды,
Өзiң де байқарсың.
Соятын мал таппай
Сандалып қайтарсың!
 
Баласы: Қалаға қаңғитын,
Ендеше ойым жоқ.
Ал бiр-ақ ауылда
Бағатын қойың жоқ… 







GM

Сөзін қосқан

22.10.2015
Бейнеклип
Алтынбек Қоразбаев ft. Меломен тобы
Әке мен бала