Алтынай Жорабаева Сегіз аяқ (0) mp3 жүктеу тыңдау, сөзі

Сегіз аяқ сөзі

Алтынай Жорабаева

Сегіз аяқ

2
0

Бөлісу:



 
 
Алыстан сермеп, 
Жүректен тербеп, 
Шымырлап бойға жайылған; 
Қиуадан шауып,
 Қисынын тауып, 
Тағына жетіп қайырған- 
Толғауы тоқсан қызыл тіл, 
Сөйлеймін десең, өзің біл. 
 
Өткірдің жүзі, 
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас. 
Білгенге маржан,
Білмеске арзан, 
Надандар бәһра ала алмас. 
Қиналма бекер, тіл мен жақ, 
Көңілсіз құлақ-ойға олақ. 
 
Басында ми жоқ, 
Өзінде ой жоқ 
Күлкішіл кердең наданның. 
Көп айтса-көнді, 
Жұрт айтса, болды. 
Әдеті надан адамның. 
Бойында қайрат, ойда көз 
Болмаған соң, айтпа сөз. 
 
Қайнайды қаның, 
Ашиды жаның, 
Мінездерін көргенде.
Жігерлен, сілкін, 
Қайраттан, беркін 
Деп насихат бергенде, 
Ұятсыз, арсыз салтынан,
Қалғып кетер артынан. 
 
Аулаққа шықпай, 
Сыбырлап бұқпай,
 Мейірленбес еш сөзге. 
Пайдасыз тақыл- 
Байлаусыз ақыл, 
Атадан бала ойы өзге. 
Санасыз, ойсыз, жарым ес, 
Өз ойында ар емес. 
 
Болмасын кекшіл,
 Болсайшы көпшіл,
 Жан аямай кәсіп қыл. 
Орынсыз ыржаң,
 Болымсыз қылжың 
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
 Еңбек етсең ерінбей, 
Тояды қарның тіленбей. 
 
 Атадан алтау, 
Анадан төртеу,
 Жалғыздық көрер жерім жоқ. 
Ағайын бек көп, 
Айтамын ептеп, 
Сөзімді ұғар елім жоқ. 
Моласындай бақсының 
Жалғыз қалдым - тап шыным!
 






Пікірлер

Ташо Нұрахметқызы

28 Маусым 2018

Өте өте керемет орындау.Қайдағы жоқ мағынасыз өлеңдермен салыстырғанда бұл өлең жүректі тебрентерлік екен.❤❤

GM

Сөзін қосқан

30.10.2015
Бейнеклип
Алтынай Жорабаева
Сегіз аяқ