Махаббат балладасы сөзі

Алшы тобы

Махаббат балладасы

0
0

Бөлісу:


І шумақ :
Әр таң атқан неге сонша арайлы ?
Барша жаннан шуақ нұры тарайды,
Сезімденген шын ғашықтар неліктен
Мына өмірге іңкәр көзбен қарайды?
 
Қайырмасы :
Сағыныштан тағат таппай мұндайда
Шын ғашықтар сезімдерін шыңдай ма?
Мәңгі бақи бір болуға серттесіп,
Қол ұстасып қатар жүрер күн қайда?
 
ІІ шумақ :
Шіркін, жүрек тағат бермей тәніме
Салдым, тағы сағыныштың әніне
Қосыла алмай қиналады неліктен
Жер бетінде ғашықтардың бәрі де?
Азап шегу махаббатың мәні ме?
 
Қайырмасы :
Місе тұтпай алтынды да жақұтты,
Әр бір күнім өзіңді ойлап атыпты
Қандай ғажап сезім еді махаббат?
Сүйген адам - сүйгені үшін бақытты! 
Алшы тобы, Алшы тобы, Махаббат балладасы, Махаббат балладасы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015