Ғажап әлем сөзі

Алмас Кішкенбаев

2017

4
1

Бөлісу:



Ғажап әлем жасап алдым ойдан
Қиялменен түрлендіріп қойған
Мөлдір таза ондағы өмір ғажап бір
Жанды баурап құшағын кең жайған
Сол әлемге барайық айнам
Бар бұл бақыт тек менде ғана гүл жайнаған

қайырмасы:
Ол ғажап әлем сұлу неткен
Бәрінен нұрлы бәрінен көркем
Ол ғажап әлем сұлу неткен
Тербейді жанды махаббат қана еркем

Күлім қағып жарқырайды күні
Маржан тағып маужырайды түні
жарық қылады ғашық жандырдың жыры
Бірге соғып жүректердің үні
Махаббаттың төгіліп нұры
Ол әлемге айтылады тек жүрек сыры

қайырмасы:
Ол ғажап әлем сұлу неткен
Бәрінен нұрлы бәрінен көркем
Ол ғажап әлем сұлу неткен
Тербейді жанды махаббат қана еркем
Алмас Кішкенбаев, Алмас Кишкенбаев, Ғажап әлем, Гажап алем mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

21.07.2017