Бозторғайым сөзі

Алмас Кішкенбаев

Бозторғайым

0
0

Бөлісу:



Тіршілікке айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?
 
Даланы мен де
Сүйемін сендей,
Бауырмал, құсым!
Назыңнан әсем
Сазыңнан әсем
Жаңылма, құсым!
 
Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой кең далама бауыр басқан.
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?
 
Тауқымет тартып,
Тарықпа, жаным!
Қорықпа, жаным!
Құшағымды ашып,
Кеудеме басып,
Берейін жалын!
 
Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?
 
Даланы мен де
Сүйемін сендей,
Бауырмал, құсым!
Назыңнан әсем
Сазыңнан әсем
Жаңылма, құсым!

Алмас Кішкенбаев, Алмас Кишкенбаев, Бозторғайым, Бозторгайым mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

19.10.2015
Бейнеклип
Алмас Кішкенбаев
Бозторғайым