Алмагул Туменбай Туған тілім сөзі

Туған тілім Алмагул Туменбай

0
0

Бөлісу:


Сөзі



Тұңғиық ойларға мен шомылам,
Алаулап шыға берер бойымнан ән.
Анамның ақ сүтімен әлдиінен,
Ана тілім сені алғаш танығам.Тілім сенсің-ақ арман мұратымда,
Көп тілдерден артықсың шұбатылған.
Тіл табысам сен арқылы өзгелермен,
Сөздің майын тамызып, бөзбен өрем.Қазақ тілім биіксің тұғырың кең,
Алсаңда лайықтысың биіктен шен.
Сан адам сөйлеп жүрсе өз тілінде,
Болмасын өзге тілден ешқашан кем.Сырымды айтам тіл арқылы өзіңе,
Жырымды айтам тіл арқылы өзіңе.
Қуат алам әрбір асыл сөзіңнен,
Жауап алам тіл арқылы өзіңнен
Қазақ тілім тұлпардайсың тебінген.Ақын ағам қазақ тілін қорғады,
Бодан болып тіл тарихы қорланды.
Шындық үшін талай жырлар жырланды
Төтеп беріп ғажайып қылдық сол бір боранды.Тілім менің-көркемсің сан қырлысың,
Бойлай берсем өзіңе сен сырлысың.
Бақытым-деп, бойдағы бағалаймын,
Өшпеші еш...
Лаулатып мен өзіңе жыр арнаймын.Сен арқылы таныдым бар ғаламды,
Жақсыменен айырдым мен жаманды.
Бұлқындырып бойыма шабыт бердің,
Ақтарылды бойымнан талай шерім.Ең бірінші бақытым-тілім деймін,
Тілім барда еш жерде сүрінбеймін.
Туған тілім өзіңді мақтан тұтып,
Басқа ешбір тілге мен жүгінбеймін.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

10.07.2017


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz