Өмірге сауал сөзі

Әлия Әбікен

2015

1
0

Бөлісу:



Табам деп әділдікті,
Соғылды тасқа маңдай.
Арылтар ауыр жүкті,
Сенделдім дос таба алмай.

Ебін тапқандарға,
Жымың қаққандарға,
Арын сатқандарға,
Сен, өмір, оңай ма едің?!

Жала жапқандарға,
Судай аққандарға,
Дәуге жаққандарға,
Неге, өмір, қолайлы едің?!

Тура айтсаң туғаныңа,
Жақпайсың деген халық.
Сондықтан менің сақам,
Алшы болып түспесі анық.

Ебін тапқандарға,
Жымың қаққандарға,
Арын сатқандарға,
Сен, өмір, оңай ма едің?!

Жала жапқандарға,
Судай аққандарға,
Дәуге жаққандарға,
Неге, өмір, қолайлы едің?!

Адамдық арым сатпай,
Өлсем де тіресемін.
Тірлікте дамыл таппай,
Сол үшін күресемін.

Ебін тапқандарға,
Жымың қаққандарға,
Арын сатқандарға,
Сен, өмір, оңай ма едің?!

Жала жапқандарға,
Судай аққандарға,
Дәуге жаққандарға,
Неге, өмір, қолайлы едің?!
Әлия Әбікен, Алия Абикен, Өмірге сауал, Омирге сауал mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2015
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

19.01.2019
Қолданушылар