Тфай-тфай сөзі

Алау тобы

Тфай-тфай

2
1

Бөлісу:


Еркелетсе ел сені,
Болсын дейді ертеңі.
Тілім тасқа ботақан,
Бағың еңселі.
Үлкен, кіші кәрі де,
Сүйсінеді бәрі де.
Жіберейін үшкіріп,
Әніммен сені

Қ-сы
Әй, тфәй,тфәй,тфәй
Айналайын түріңнен.
Әй, тфәй,тфәй,тфәй.
Жасаған берген.
Әй, тфәй,тфәй,тфәй
Былдырлаған тіліңнен
Әй, тфәй,тфәй,тфәй
Жасаған берген

Қылығың да ғажап тым,
Мақтаны бол қазақтың.
Қызығыңды әрдайым,
Ел аңсап көрсін.
Ту ұстайтын ұлан бол,
Биіктегі қыран бол.
Менің әнім сен үшін,
Көзмоншақ болсын.

Қ-сы

'Тфәй' деп мен ән салам,
Қазағыма жар салам.
Аман-болсын ағайын,
Бала-шағаңыз.
Өсіп, өнсін ұл қызың,
Маңдайдағы жұлдызың.
Жарқын болсын әрқашан
Болашағымыз!
Алау тобы, Алау тобы, Тфай-тфай, Тфай-тфай сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

31.10.2015
Бейнеклип
Алау тобы
Тфай-тфай