Бір тамшы жас сөзі

Алау тобы

2017

10
0

Бөлісу:



Екеуміз ойладық па?
Бір күні жырақ боламыз деп
Ойланбай ойнадық па?
Тым ерте сыр ақтарамыз деп
Айыбымды енді сезіндім
Тамшы жасын көріп көзіңнің

[Қайырмасы]
Бір тамшы жас құлап
Мөлдірейді бақыт сұрап
Жанар емес бірақ
Ол тағдыр тұрған жылап
Бір тамшы жас көзден
Сырғанайды жүрек төзген
Артық сан жетпейтін сөзден

Тақпашы айып бекер
Шын сүйдім, сол менің жан сырым
Өткенді шайып кетер
Бір көктен құлаған тамшы мұң
Енді саған мен тек елеспін
Алғашқымын соңғы емеспін
Жоқ.

[Қайырмасы]
Бір тамшы жас құлап
Мөлдірейді бақыт сұрап
Жанар емес бірақ
Ол тағдыр тұрған жылап
Бір тамшы жас көзден
Сырғанайды жүрек төзген
Артық сан жетпейтін сөзден

Көрер қызық көп қой әсте көппенен
Үміт отын жақтым бәлкім текке мен
Қиялымды ғашықтық нұр шектеген
Уайым да жоқ, қайғы да жоқ
Тек ғана саған деген сағыныш бар ептеген..
Алау тобы, Алау тобы, Бір тамшы жас, Бир тамшы жас mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Бибинур Сахипова

12 Наурыз 2017

кушти )))

Anonymous

22 Наурыз 2017

керемет соз жок онерлерыныз орге жузе берсын

Admin

Сөзін түзеткен

26.02.2017
Қолданушылар