Шалқыма сөзі

Ақылбек Жемеңей

Шалқыма

0
0

Бөлісу:



Жабырқап жүрген жанымды
Жап-жарық етті бір арай.
Әуенім жаңа,
Әуенім жаңа табылды
Әніме менің,
Әніме менің,
Әніме менің құралай.
 
Жүрегім солай салды әнге,
Әнімді өзің кел жалға-ай.
Сағыныш болсаң,
Сағыныш болсаң, арман не,
Сағынатұғын,
Сағынатұғын,
Сағынатұғын жан барда.
 
Кәусар күй кештім мен бүгін,
Тұнады сырға Күн мен Ай.
Көрінбей жүріп,
Көрінбей жүріп сен неге
Көріне кеттің,
Көріне кеттің,
Көріне кеттің, бұл қалай?
 
Ілесіп аппақ арманға,
Ақ ерке әнім сыңсиды.
Дәл мендей сені
Дәл мендей сені жалғанда
Жаным-ау, сірә,
Жаным-ау, сірә,
Жаным-ау, сірә, кім сүйген. 
Ақылбек Жемеңей, Акылбек Жеменей, Шалқыма, Шалкыма mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

18.06.2018
Қолданушылар

GM