Ақмаржан Таубаева‎ Жайығым, саған келем мен (0) сөзі

Жайығым, саған келем мен сөзі

Ақмаржан Таубаева‎

0
0

Бөлісу:


Жайығым, саған келем мен,
Өзіңдей мөлдір өлеңмен.
Қуанышыммен және де
Мұңыммен жырға бөленген.
Жайығым, сенің жағаңнан
Арманым аппақ таралған.
Өлеңге ғашық қызыңның,
Сенімі сенен нәр алған.
Талыңа өскен жағалай ,
Өр толқыныңа қарамай.
Орнамас жанға жаз көңіл,
Сағыныш қалар тарамай.
Тұйыққа бір сәт тірелген,
Кезімде саған келем мен.
Жүрегім толса жігерге
Тағы да келем елеңдеп.
Қимаймын, Жайық, жағаңда
Қалдырған жастық - жазымды.
Өзің деп жүрем алаңдап,
Шағалаңды аңсап наз үнді.






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016