Жырға наз сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Ұзақ таңға ілінбейді көзім бір,
Жалған емес, шын ақиқат сөзім бұл.
Бала күннен сырлас болған, өлең-дос,
Енді ұятқа қалдырсаң да, өзің біл.
Еліктіріп шөп сыбдыры, құс әні,
Қиялымның қаршығасы ұшады.
Жанарымды паң көркімен тұсап aп,
Аймалайды табиғаттың құшағы.
Жұдырықтай жүрегімді нұр аптап,
Сайрап жатыр арман жолы бір аппақ.
Өзіңе тән махаббатпен, жалынмен,
Қалшы мәңгі көкірегімде тұрақтап.
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Жырға наз, Жырга наз сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016