Жыр келмесе... сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Бір жұмбақ ой мазалап неше күннен,
Шаршап жүрмін, соны әсте шеше білмей.
Қаламымды қолыма ұстатқызды,
Жеті түнде жұлып aп төсегімнен.
Жарым жатыр тәтті ұйқы құшағында,
(Оның ешбір ісі жақ құса-мұңда).
Ал мен болсам отырмын кірпік ілмей,
Көкірегімді кернетіп күш-ағынға.
Қиын екен жыр келмей, аңтарылған,
Шапшып шығып кетердей қан тамырдан.
Қалам ұшы қадалды бір нүктеге,
Сәйгүліктей қазықта қақтарылған.
Қиналумен қанша әлі күн өтеді,
Сарқылдым ба, апыр-ау, бұл не тегі?
Өлең тумай өзегім өртенгенде,
Күдік келіп көңілімді жүдетеді.
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Жыр келмесе..., Жыр келмесе... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016