Ұнатам сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Ізет қылып үлкенге тік тұрганды ұнатам.
Аз сөзбенен көп ойды ұқтырғанды ұнатам.
Сыр бүкпейтін досынан ашықтықты ұнатам,
Бәрінен де өмірге ғашықтықты ұнатам.
Жабырқасам жарым кеп құшақтауын ұнатам,
Албырт жастық арманын тұсатпауын ұнатам.
Болсадағы өлеңнің «азабы» мың ұнатам.
Бәрінен де арымның тазалығын ұнатам!
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Ұнатам, Унатам сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016