Түсінікті... сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Кезінде жас жүрегім жалынға бай,
Жайықты жағаладым дамылдамай.
Тығылып тоғайлардың қолтығына,
Отырған кіп-кішкентай ауылдар-ай!
Алыстан көрінетін түндері,
Күндіз-түн қонақ еді күтінгені.
Қаладан қалжырап кеп құлағандар,
Тәні мен жанын сонда «бүтіндеді...».
Бойына орналасып бір көшенің,
Әп-сәтте әйгілейтін үй де есебін.
Сағынып жүрмін сол бір ауылдарды,
Ойлаумен қилы-қилы күй кешемін.
Жасырман, көлгірсімен - ел жүдеді,
Мақтаған мына нарық берді нені?
Бұл күнде ойдым-ойдым тоғай түгіл,
Мың жылдық ну ормандар селдіреді...
Мен көрген мырза ауылдар мамыражай,
Бұл күнде жайың қалай, халің қалай?
Беліңді бүгіп тірлік тауқыметі,
Күндерің жатыр ма өтіп, жадырамай.
Пір тұтқан қарапайым кісілікті,
Достарым, бармысыңдар «тісі» мықты?
Aт басын бүрмай жүрсем, кешіріңдер,
Себебі болар деймін түсінікті...
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Түсінікті..., Тусиникти... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016