Тежелу сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Жүргенімде еш алаңсыз, ырғалып,
Қалды қанша сезім шаршап, жыр налып.
Берілген соң бір мақсаттың жолына,
Мінезге де керек екен бір қалып.
Жұрт қатарлы тұрмысым да, күйім де,
Қонақ қаптап жатады әркез үйімде.
Келген кісі риза болып кеткенмен,
Негізгі ісім қалып жатыр кейінге.
Жапырағын жайқалтар ма бұтағым,
Өткен шақты қуып, қалай ұтамын.
Ортайғандай оқырмандар көңілі,
Көптен бері шықпай кетіп кітабым.
Басқаша бір сыр байқатып замана,
Жанымызды қуырып тұр табада.
Жылтырақ жыр жазып, неге жетісем,
Пайдасы жоқ болса қала-далама!
Сұсты күндер тұр қаруын кезеніп,
Күдік-күмән жатыр іште тез өніп.
Тудыра алмай өзекті өртер өлеңді,
Өз-өзімнен жүрмін қазір тежеліп.
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Тежелу, Тежелу сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016