Тасқалама сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Туған жер, теңдесі жоқ дара бағым,
Сенде өткен күндерімді санамадым.
Есігін жүрегімнің айқара ашып,
Армансыз ой-қырыңды араладым.
Сапарым сағынышсыз бастала ма?
(Мен мұны ұқпаппын жаста ғана).
Келмесем, қапаланып қала ма деп,
Aт басын жиі бұрам Тасқалаға.
Жер емес, баратұғын ара қонып,
Жатпайды ешкім мені дара көріп.
Тербеткен бесігімді әжелер бар,
Сондықтан кетем кейде бала болып...
Демеймін жұртты ауызға қаратайын,
Тырысам, көрінуге қарапайым.
Тасқалам, қолтығымнан демеп жібер,
Сүрініп кетер болсам, жазатайым.
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Тасқалама, Таскалама сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016