Сәндібек Әлібековке хат сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Жұмбақ жас - жетпісіңді алқымдадым.
Өлең кеп өзегімді өртегенде,
Шәйнектей газға қойған сарқылдадым.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Келеді әр күнімді алтындағым.
Көп күнім алтын болмай, жез боп шығып,
Қурайдай желді күнгі қалтылдадым.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Алдында, біреулердің артындамын.
Басымды тікпедім мен бәсекеге,
Мінезім ыссы, бірақ салқын қаным.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Озғым кеп қатарымнан талпынбадым.
Алалап адамдарды жүргенім жоқ,
Болса да қалтам жұқа, жарқын жаным.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Белгілі мезгіл жетсе, сарқылмағым.
Келемін мазасыздау тірлік кешіп,
Өзімше ойлауменен халқым қамын.
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Сәндібек Әлібековке хат, Сандибек Алибековке хат сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016