Күзгі көңіл сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Қаратып үлгертпей-ақ жан-жағыма,
Тағы бір күздің келіп қалғаны ма?
Жылдарым дөңгеленіп өтіп жатыр,
Ұқсап қырдық жүйрік каңбағына.
Ұзатып қайтқан құсты, қамығамын,
Шашымнық ағын көріп, жабығамын.
Ал бірақ сын сағаттың кезі келсе,
Белгілі сертті жерден табыларым.
Жақсылар қиын жерде сыналады,
Жамандар не айтсаң да, құп алады.
He керек, алмағайып бұл заманның,
Әнекей, келсең кел деп тұр алаңы.
Бәр-бәрі сол алаңда белдеседі,
(Жеңсе екен тиетіндер елге себі).
Жамандық жұлқысады жақсылықпен,
Сіңіріп жіберем деп жерге сені.
Көңілім, қыран едің, ұран едің,
Хабарын сезгендейсің, сірә, ненің.
Қабағы ашылмаған осынау күз,
Жайымды байқатып тұр мына менің.
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Күзгі көңіл, Кузги конил сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016