Кіжіну сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Біреулерге үміт арттық текті деп,
Сын сағатта сүрінбегей деп тілеп.
Сол тектілер ұсақталып барады,
Жан-жағынан шырмап алып ептілер...
Балақтағы бит шықты ғой басқа бұл,
Қалталыға құл болып жүр асқақ ұл.
Жүліктердің беріп-ақ тұр «құдайы»,
Сүліктердің қан соруы - қас қағым.
Қара тасты кессең де, су шықпайды,
Қара суық түссе, малың ықтайды.
Алдамшының екі көзі ойнақшып,
Сөйлегенде, аузы-аузына жұқпайды.
Мұның бәрін көзбен көріп келеміз,
Қашанғы біз көбік сөзге ереміз.
Бауыздарда бақырады лақ та,
Деуші еді ғой елі менен ер егіз.
Мағына жоқ, өтіп жатқан күндерде,
Қайда барып, шағамыз мұң кімдерге?
Абай аға, оянсаңшы ұйқыңнан,
Ащы ақылың керек боп тұр біздерге!
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Кіжіну, Кижину сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016