Ілесіп заман көшіне сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Бұл заманның сыр-сипаты өзгерек,
Жазатын жыр, айтылатын сөз бөлек.
Жеңіл ойлап жүрген жандар жетеді,
Түп тамырын көретұғын көз керек.
Ауыл анау, қала мынау - бір түсті,
Сырттан күтіп жатыр бәрі тың күшті.
Өз-өздерін жұбатып жүр ағайын,
«Бір ұядан шыға ма, - деп - кіл «тісті...»
Көп тежедік ойымыздың өрісін,
Заман бізден өш алуда сол үшін.
Жаутаңкөздік жараспайды біздерге,
Қиын кезде бермейді ешкім қолұшын.
Бәзбіреулер өткен күнді мақтайды,
Бәзбіреулер қазіргіні жақтайды.
Ағымына тосқауыл жоқ заманның,
Ешқашан да өзен кері ақпайды.
Дархан далам, қабырғалы қалам бар,
Енді жөн жоқ артқа қарап алаңдар.
Ілеспесек мына заман көшіне,
Жұртта қалып қоямыз ғой, жарандар!
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Ілесіп заман көшіне, Илесип заман кошине сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016