Бейтаныс ару сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Қосылма, қосыл мейлің, еріктісің,
Түседі бірден көзге көрік, мүсін.
Ажары сол арудың тұрады ылғи,
Алматы апортының беріп түсін.
Ол менің емес тіпті танысым да,
(Беймаза ой соңғы кезгі табысым ба?)
Алдыңнан шыға келсе, алқынасың,
Адамдай түсіп тұрған жаны сынға.
Әйтеуір, көңіл шіркін алабұртып,
Бақшамнан жыр құсы да барады үрки
Көгінен көңілімнің кетпей қойды ол,
Бейне бір бұла мінез бала бүркіт.
Десек тe бір қарап-ақ ұғалықшы,
Нәркес көз тырп еткізбес бұғалық шын.
Аруым, қарсы келсек, сен өзің де,
Ұрланып қарайтынды шығарыпсың...
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Бейтаныс ару, Бейтаныс ару сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016