Балаға ұласқанда... сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Мазаласа сағыныш жыры келіп,
Сөйлейді екен жылдар да сыры берік.
Орал. Шаған көшесі. Оныншы үйде,
Үш жас жігіт пәтерде тұрып едік.
Кезіміз ғой лаулаған, жалындаған,
Мына тұрмыс «ніліне» малынбаған.
Өзімізше біз бір-бір дөкей едік,
Бір-бір қамал едік біз алынбаған.
Жүрсек деуші ек, ешқашан аласармай,
Аласармай, әсте қара салмай...
Патша көңіл биік-ті, жүрсектағы
Қанағат деп қара нан, қара шайға.
Құйылып бір арнаға күш, арымыз,
Жазылмай жүрген шақта құшағымыз.
Үшеумізді үш жаққа алып кетті,
Өмірлік жар етті де үш ару қыз.
Демесем де өмірдің күзі келді,
Содан бері қанша жыл жүзі болды.
Кездеспедік, дұрыстап бір сырласпадық,
Соның бәрін отырмын тізіп енді.
Сағынышым жүрген жоқ кеміп бойда,
Жеңдіремін еңсемді ерікті ойға.
Бір көйлекті киетін кезектесіп,
Сол кездегі Мұқадес, Серік қайда?
Өздеріңе дегенде жаным әйгі,
Оны әлдилер достықтың әні ұдайы.
Бізден туған балалар осы күнде
Керек десең бір-бірін танымайды.
Жырлап қалам жүрегім гүл ашқанда,
(Сендер жайлы пікірім жүр аспандап...)
Достық деген өміршең болады ғой,
Әкеден кеп балаға ұласқанда!
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Балаға ұласқанда..., Балага уласканда... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016