Армандар... сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Алыста қалған армандар,
Мазамды енді алмаңдар.
Тіршілік - орман ішінде
Адасып, шаршап қалған бар...
Жалындап тұрған кезімде,
Алдырттым бойды сезімге.
Енді кеп, көңілі пәс болған,
Өзге ме, әлде, өзім бе?
Жылжыды жылдар осылай,
Күнге күн, айға қосып ай.
Көмірдей шашы ағарды,
Айтамын, досым, несін-ай!
Қанатым қанша қайрылды,
Жігерім қанша майрылды,
Келмеске кетті қимастар,
Көбінен қазір айырылдым.
Шаршау дa солай басталып,
Жанардан жиі жас тамып,
Мұңымды шағып өлеңге,
Отырмын сырды ақтарып.
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Армандар..., Армандар... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016