Адресі бар өлең сөзі

Айтқали Нәріков‎

0
0

Бөлісу:


Құрметтісі болмадым деп баршаның,
Қарап жүріп, өз-өзіңнен шаршадың.
Ел көзіне еленбей-ақ қойдым деп,
Қабағыңа ұялаттың қанша мұң.
Тауға соқтың, тасқа соқтың басыңды,
Отыз жаста қырау шалды шашыңды.
Есіл-дертің өз жайыңды күйттеу боп,
Досты азайтып, көбейтіпсің қасыңды.
Қайда барсаң, өз-өзіңді көтеріп,
Шығасың сен ауызыңмен от өріп.
Кеудемсоқты халық бірден байқайды,
Алақанға салсын қалай жеке қып?!.
He десең де біздің халық қырағы,
Безбен басын теңдеп ұстап тұрады.
Әр адамға өзіне сай бәс беріп,
Еш уақытта қалт кетпеген сынағы!
Айтқали Нәріков‎, Айткали Нариков‎, Адресі бар өлең, Адреси бар олен сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016