Оралмандардың жүрек сыры сөзі

Айнұр Мəден

0
0

Бөлісу:


Ұрпағымыздың қамы үшін оралғанбыз,
Қазақтың қанынан жаралғанбыз.
Өзге ұлтта жүрмеу үшін ұлтан болып,
Сұлтан болу үшін
Қазақ жеріне жол алғанбыз.
Оралмандар деп кемсітер жандар да бар,
Қиын кезде жан сауғалаған қашқындар.
Деп бізді түсінбей жатып қорлайды,
Ұрпақ үшін кеткенбіз,
Түгімізді қоймаған соң жоңғарлар.
Қиындықты бастан кештік біз талай,
Өзге ел бола алмайды өз отаныңдай.
Əлі талай қандастарым шет елде жүр,
Жан ұшырып азаматтық ала алмай.
Ей, қазақ жұрты өгей емес өз балаңбыз,
Бізге де бір мейіріммен қараңыз.
Жүрегіміз мəңгі соғар елім деп,
Қазақстан топырағын кеткен бабамыз.
Жағдай жасайықшы шет елдегі қазақтарға,
Өз еліне жете алмаудан басқа азап бар ма?
Бірігіп шақырайық қандастарды отанына,
Өзге ел, ел болмайды
Қазағыма жан ашитын қазақ қана.
Айнұр Мəден, Айнур Мəден, Оралмандардың жүрек сыры, Оралмандардын журек сыры сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

09.05.2017