Айнұр Керімбекова Қызым-қызығым сөзі

Қызым-қызығым Айнұр Керімбекова

Қызым-қызығым

0
0

Бөлісу:


Сөзі



-1-
Қызым-қызым, қызығым
Кіп-кішкентай бұзығым.
Жүрегімді жылытар,
Сенің әрбір қылығың.

Періштемсің әдемі,
Түрлендірген әлемді.
Саулығыңды тілеймін,
Өмір тілеп мәнерлі.

Қ-сы:
Аппақ қыз, панашым,
Сені ән ғып саламын.
Қуансаң қуанып
Шаттанады анашың.


-2-
Аңсап күткен тайлағым,
Сүттей аппақ қаймағым.
Сені бізге сыйлаған
Жаратқаннан айналдым.

Мейірімім, мерейім,
Үстем болсын мерейің.
Өмірдің бар қызығын,
Бір өзіңе тілеймін.

Қ-сы:
Періштем, алтыным.
Жаны таза жарқыным.
Қымбатсың бәрінен,
Өмірдегі бақ гүлім.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

15.02.2016


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz